Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 2-күні кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек 16-17 жас санатында 55 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол татамиде 6 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңде Мальта, сосын АҚШ өкілін айқын басымдықпен ұтты. Топтық кезеңде тағы 2 қазақ спортшысынан, кейін йорданиялықтан айласын асырды. Финалда өзбек каратэшісін ұтты.
Сондай-ақ Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) 59 кг дейінгі салмақта чехиялық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге ие болды.
Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.
Фуджейрадағы бұл жарыс ертең аяқталады. Барлығы осы жылы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді