Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының ІІ дивизионы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайта түсті.
Айта кетейік, кешегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан қатысып жатыр.
Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?