Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБірегей авторлық әзірлеме Kaztraffic-2023 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның қатал климаты үшін су және ыстыққа төзімді жол белгілерін әзірледі. Инновациялық материал ылғалды климатта төзімділігінің жоғарылауына байланысты және жеткілікті икемділігінің арқасында нөлден төмен температурада жарылудың алдын алып, ұзақ қызмет етеді.
Отандық материалдың бүгінгі таңда қазақстандық жолдарда қолданылатын қоспаларға қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда, қызмет ету мерзімі 2 жылға дейін ұзартылды, материалдың құны төмен және бетон жабындарымен адгезияның дәрежесі жоғары.
Отандық ғалымдардың әзірлемесі 19-шы рет ұйымдастырылып отырған Kaztraffic-2023 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Аталғаніс-шараға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Германия, Франция және ТМД елдерінің сарапшылары мен инвесторлары қатысып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді