Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕкі отандасымыз Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
61 келі cалмақта күресіп жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі. Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңіске жетсе, Азияның үш дүркін чемпионы атанады.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді. Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?