Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық дзюдошылар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде финалға өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 мамыр – жарыстың соңғы күнінде жүлделер бес салмақ дәрежесінде салынды: үш – ерлер және екі – әйелдер. Алайда отандық спортшылар үздіктер қатарына іліге алмады.
Спортшыларымыздың барлығы жарыстың алғашқы кезеңдерінде-ақ жеңіліс тапты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл турнирді төрт медальмен аяқтады: Ғалия Тынбаева жеңімпаз атанса, Елдос Сметов (-60 кг), Бақытжан Әбдірахманов (-73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) үздік үштіктен көрінді.
Айта кетейік, әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалия финалда ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді.
Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады