Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРесейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 үш жүлде еншіледі.
Атап айтар болсақ, 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды. Ал 57 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
10 спортшы қола жүлдегер атанды: Бексұлтан Боранбек (51 кг) , Әділбек Қожахан (54 кг) , Әли Мұрат (54 кг), Бауыржан Мұратов (57 кг), Асылхан Көшербай (63,5 кг), Ахмет Үсен (63,5 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәли Бегалиев (75 кг), Дамир Синеев (80 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг).
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?