23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы финалдық күні өтті.
Жасөспірімдер санатындағы 26 келі салмақта (13 ұл, 13 қыз) жеңімпаздар белгілі болды.
23 қазан мен 2 қараша күндері аралығында жүлдеге таласқан 23 мемлекеттің ішінен 12 елдің спортшылары жүлдегерлердің қатарынан табылды.
Жалпы жүлде кестесіндегі ТОП-3 ел:
Үндістан — 10 алтын, 4 күміс, 7 қола
Қазақстан — 6 алтын, 8 күміс, 7 қола
Өзбекстан — 4 алтын, 7 күміс, 11 қола.
Қазақстан сапынан қыздар арасында Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Құдайгенова (63 келі) топ жарса, ұлдар бәсекесінде Алдияр Баһадүр (48 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі), Бексұлтан Қайратұлы (+80 келі) чемпион атанды.
Азия біріншілігінің ең үздік боксшысы номинациясымен қыздардан Аяжан Сыдық (54 келі), ұлдардан Фужики Юга (Жапония) танылды.
Сегізінші мәрте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ең көп 8 алтынды 2004 жылы Вьетнамда алған.
Турнирдің жүлдегерлері (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Ертең жастар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады