29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБокстан Қазақстан әйелдер құрамасының белді мүшесі Римма Волосенко өзінің қай дінді ұстанатынына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірде сұхбат кезінде менен қай дінді ұстанатыным жайлы сұрадыңыз. Қазір бұл сауалға былай деп жауап берер едім. Себебі бұл тақырып менің оқырмандарымды да қатты қызықтырады. Құдай – ортақ, бірақ әркімнің жанына жақын ұстаным бар. Осы сауалмен жеке бапкеріме барып, «мені Ислам дініне неге тартып сұрады деп сұрағанымда?», ол маған былай деп жауап берді: «Римма, бұл сенің ойың, егер қаласаң, мен де, сенің ата-анаң да ештеңе айта алмаймыз. Бұл сенің жан дүниең».
Жарыс, маңызды турнирлер алдында ішкі түйсігім Исламның маған жақын екендігін көрсетіп тұратындай. Өзінің тазалығымен бөлектеніп тұратын секілді. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымы ұнады. Сондықтан да Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ деп айтып, оқырмандарымның сауалына жауап бергім келді, - дейді Волосенко.
Римма Волосенко – Азия чемпионы, Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ ұзақ жылдар бойы еліміздің астанасында тұрып келеді. Жақында Қытайда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек