20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМарокко елінде өткен «Golden Belt Series Marrakesh» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде еліміздің әйелдер құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Халықаралық турнир 2-10 ақпан аралығында Маррокконың Марракеш қаласында өтті. Онда барлығы 34 елден келген былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы ойын көрсетті.
Нәтижесінде қазақстандық спортшылар барлығы 10 медальға қол жеткізді. Оның ішінде бесеуі – алтын, екеуі – күміс, үшеуі – қола.
«Алтын» алғандар қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) бар.
Ал Аида Әбікеева (63 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) «күміске» қол созса, «қола» медаль Надежда Рябец (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Фариза Шолтайға (81 келі) бұйырды.
Ел құрамасынан Жазира Орақбаева (52 келі) мен Владислава Кухта (60 келі) жүлдесіз қалды.
Медальдар кестесінде екі «алтынмен» Ресей құрамасы екінші орын алса, бір-бір мәрте чемпиондық тұғырға көтерілген Италия, Тайвань, Мозамбик және Марокко одан кейінгі орындарды өзара бөлісті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?