19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Эдинбургтегі (Шотландия) Meadowbank Sports Centre спорт кешенінде кәсіби бокс кеші өтті, онда қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (14-0, 10 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз испан Джон "дауыл" Картермен (15-0-1, 7 КО) өзара жекпе-жек өткізді. Екінші жеңіл салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Зауырбек қарсыласына еш амал қалдырмады.
Сұлтан Зауырбек үшін бұл жеңіс кәсіби мансабында он бесінші болды, ал Джон Картер рингте бірінші рет жеңіліске ұшырады.
Зауырбек WBO European чемпионы екенін қосайық.
Картерге келетін болсақ, ол бұрын Испания чемпионы болған және EBU European Union белбеуін жеңіп алған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары