Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКәсіпқой бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) кезекті жекпе-жегін Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Астанада өткен жекпе-жек кешінде польшалық Мацей Сулецкимен (32-3, 12КО) жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына дейін жетпеді. Сулецки оныншы раундта күтпеген жерден нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналған болатын. Өкінішке қарай, қағаздағы фаворит іс жүзінде өз мықтылығын дәлелдей алмады. Ол нокауттан бұрын төрт рет нокдаун алды: бірінші раундта екі рет және бесінші және оныншыда бір рет нокдаунға түсті.
Төртінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Мачей Сулецки кәсіпқой рингтегі 33-ші жекпе-жегін жеңіп, WBC Silver чемпиондық белбеуінің иегері атанса, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Бұған дейін Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 17 қаңтар күні АҚШ-та өткізіп, америкалық боксшы Малколм Джонсты екінші раундта жеңген болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді