7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Биатлоннан Ұлттық құрама тарихта алғаш рет әлем чемпионтында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Биатлоншылар одағының мәліметінше, Чехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде биатлоннан ерлер құрамасы эстафета сайысында үздік ондыққа енді. Чемионатта ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Никита Акимов қорғады.
Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды.
Владислав Киреев алғашқы жатып ату кезеңінде 3 қосымша оқтың көмегімен, ал тұрып ату кезінде бірден барлық межеге дөп тигізді. Ол эстафетаны Әсет Дүйсеновке үздік төрттіктің қатарында тапсырды.
Жарыс алаңына шыққан Әсет Дүйсеновтің бірінші айналымда 2 оғы қиыс кетіп, қосымша оқтың көмегімен барлық нысананы жапса, екінші айналымда мергендік танытып, таза атты. Дүйсеновтен кейін бәсекені алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысушы Никита Акимов жалғастырды. Ол бірінші айналымда 3 қосымша, екінші айналымда 2 қосымша оқ пайдаланса да, команданы үздік ондықтан түсірмеді.
Оқи отырыңыз:
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?