Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерНидерландта өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде Дәулет Төлемісов, Ерасыл Жақпеков және Нұрлан Сапарбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
80 келі салмақта Ерасыл Жақпеков финалда украиналық Артур Касиановпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ал 85 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Төлемісов те дәл сондай сенімділікпен украиналық Микола Лактионовты 5:0 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді. Аса ауыр салмақта Нұрлан Сапарбай Деннис Охиодан (Германия) айласын асырып, Нидерландтағы Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде үздік шықты.
Бұған дейін бұл жарыста 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және 50 келіде Даниял Сәбит те қарсыластарын жеңіп, чемпион атанған болатын.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі