29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыВенгрияның астанасы Будапешт қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен төртінші рейтингтік турнир аяқталды.
Соңғы күні грек-рим күрес шеберлері 7 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, біздің балуандарға жүлде бұйырмады. Ұлттық құрама сапынан қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған балуанымыз Данияр Қаленов (72 келі) түрік Селчук Каннан есебімен ұтылып, қолда тұрған қоладан айрылып қалды. 67 келіде белдескен Дін-Мұхамед Қошқар мен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсыновтар жұбаныш белдесулерінде румын және әзербайжан балуандарына есе жіберді.
Осылайша грек-рим күресі балуандары бұл жолғы рейтингтік турнирді 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтаса, қыздарымыз 1 алтынмен қорытындылады. Еркін күрес балуандарының еншісінде 2 күміс, 5 қола жүлде бар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек