Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі күміс, төрт қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, жалпы есепте Қазақстан командасы 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Екінші күні бозкілемге шыққан қыздар арасында 62кг салмақта Ирина Кузнецова финалға шығып, финалда қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп күміс медаль алды.
Гулдана Бекеш (59 кг), 68кг Елена Шалыгина (68 кг), Шамшиябану Тастанбек (72 кг) қола жүлдегер атанды.
Жарыстың алғашқы күні Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола медаль алған болатын
Жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орын. Моңғолия 133 ұпаймен екінші орын иеленсе, Қазақстан 122 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?