28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарFlyArystan және AirAstana әуе компаниялары жолаушыларға ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейстің тоқтатылатыны туралы хабарлама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
FlyArystan ауа райының қолайсыздығына және Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауына байланысты мына рейстерді тоқтатады.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына сұраныс бойынша келесі қызметтер көрсетіледі: сусындар, тамақтану, тұру, трансфер. Барлық жолаушыға тегін қайта брондау мүмкін немесе ақшасы толық қайтарылады, - делінген хабарламада.
Жолаушыларға FlyArystan қолданбасында және flyarystan.com сайтында тікелей чат арқылы, 8 702 702 02 27 WhatsApp мессенджері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі.
23 қарашада "Эйр Астана" Орал - Франкфурт - Орал және Орал - Астана бағыттары бойынша рейстерді, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейстерді тоқтатты.
Оған да ауа райының қолайсыздығы мен әуежайдың ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауы себеп болды.
Әуе компаниясының мәліметінше, тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тамақ, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару қамтамасыз етілді. Оралдан Астанаға ұшатындар жатын орынмен, тамақпен және трансфермен қамтамасыз етілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?