20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚорғаныс министрлігінің делегациясы Aero India 2025 XV халықаралық аэроғарыш көрмесінде әлемдік өндірушілердің ұсыныстарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегацияны Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Руслан Қоңыровтың бастап барды.
Іс-шара Бангалор қаласындағы Елаханка әскери-әуе базасының аумағында өтті. Қазақстандық делегация мүшелері Үндістан Әскери-әуе күштері бас қолбасшысының орынбасары, авиация генерал-майоры Суджит Дхаркармен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар авиация саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Aero India халықаралық аэроғарыш көрмесі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы оған үндінің және шетелдің 150-ден аса компаниясы қатысты. Әлемдік өнеркәсіптік компаниялар онда авиациялық техниканың, қорғаныс инженериясының, инфрақұрылымдық құрылыстардың және әуежайларға арналған техникалық құралдардың үлгілерін таныстырды.
Көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін тақырыптық семинарлар, конференциялар, техникалық сессиялар және әуе кемелерінің көрсетілім ұшулары ұйымдастырылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?