Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕліміздің Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтаған.
Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.
Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер