29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының ширек финалында рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
92 келіден жоғары салмақтағы кездесуде Нұрлан армениялық Давит Чалоянмен қарсы тұрды. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша жеңіс бірауыздан Чалоянға бұйырды.
Нұрлан Сапарбай – Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2023, 2025). Ол әлем чемпионатының 1/8 финалында IBA-PRO лигасының өкілі Имам Раамезанпурделварды жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Ал Чалоян 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі боксшы.
Еске салайық, IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын жарысқа 118 елден боксшылар қатысуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек