29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы танзаниялық Факи Исса Факимен кездесіп, үш раундқа созылған айқаста айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Сәкен ширек финалға жолдама алған алтыншы қазақстандық атанды. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) да 1/8 финалдан сүрінбей өткен болатын. Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) өз жолын осы кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов алғашқы айқасында-ақ Ботсвана боксшысы Катлего Кеорапецені жеңген.
Бүгін Бибосыновтан бөлек тағы бес қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек