23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада дзюдодан өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының 4 спортшысы қола жүлде үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Теміртаулық Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақта ширек финалда бельгиялық Тома Никифоровқа жол беріп, енді қола жүлде үшін татамиге шығады.
-100 келіде 22 жастағы дзюдошы Бекарыс Сәдуақас жартылай финалда БАӘ спортшысы Джафар Костоевқа есе жіберді. Енді қос қазақстандық дзюдо шеберлері өзара мықтыны анықтайды.
Аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай 100 келіден астам салмақта қола жүлде үшін грузиялық Саба Инанейшвилимен шеберлік байқасады.
+78 келіде Ақерке Рамазанова Нидерланд спортшысы Карен Стивенсонмен күресіп, қола жүлденің болашақ иесін анықтамақ.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының балуандары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген еді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады