Спорт

Қазақстандағы танымал егіз спортшылар

02.06.2026 09:38
Айзат Айдарқызы
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Балалар күніне орай спортты бірге бастап, бір-бірінің жетістікке жетуіне орасан зор үлес қосқан егіздер туралы материал дайындадық. Рас, бауырлардың екеуінің де мансап тасы өрге домалағаны аз. Дегенмен олар бірге дайындалу, қиындықты еңсеру, болашаққа сеніммен қарау жайлы жақсы біледі. 

Геннадий мен Максим Головкиндер (бокс)

instagram.com/gmg_max, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Геннадий мен Максим Головкин 1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келеді. Геннадий Максимнен 15 минутқа үлкен. Олар қарапайым отбасында туған. Үлкен ағалары Вадим мен Сергей де бокспен шұқғылданады. Қалалық, аудандық деңгейге шығып, інілеріне жол көрсетеді. Алайда Вадим мен Сергей әскери борышын өтеп жүргенде қайтыс болады. Ал Максим мен Геннадий 8 жасынан бастап бокс секциясына барады. Бір салмақта өнер көрсетіп, 1997-1998 жылдары жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шығады. Қызығы сол, 1997 жылы Генадий жолын берсе, 1998 жылы Максим егізімен күш сынаспайтынын айтады. Сөйтіп, екі бауыр да ұлттық құрамаға ілігуге аз уақыт қалғанын іштей сезеді. Десе де шахтерлер отбасы егіздерді бірдей қамтамасыз ете алмайды. Қаржылық қиындықтың кесірінен Максим Геннадийге орнын босатып беріп, әуесқой бокстағы карьерасын аяқтайды. 

Осылайша, Геннадий Головкин Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері атанады. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып,  орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болады. Ал Максим болса 2013 жылы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы атағын алады. GGG Promotions компаниясында жұмыс істейді. 

Владимир мен Стас Покатиловтер (футбол)

фото: Sports.ru

 Владимир мен Стас Покатиловтер Орал футболынан түлеп ұшады. Олар – «Ақжайық» футбол клубының түлегі. Қазір Стас Покатилов Әзірбайжанның «Сабах» клубында қақпашы.  Ол «Ақжайық», «Қайрат», «Тобыл», «Ақтөбе», «Растов», «Ақжайық» командасының қақпасын қорғағады. Ұлттық құрамада атой салып, елдің сүйікті қақпашысына айналды. 

Ал егізі Владимир болса өорғаушы позициясында доп тепті. «Ақжайық», «Тобыл», «Мақтаарал», «Жетісу» клубында ойнады. 

Берік пен Серік Айтбаевтар (футбол)

Берік пен Серік Айтбаевтар – Тараз қаласының тумасы. Серік қазақ футбо­лында екі жыл ғана көрсетті.  2010 жылы «Лашын» командасының намысын қорғады. мүлде көрінбей кетті. Ал Берік «Таразда» тұрақты ойнап, биыл «Атырауға» ауысты. Одан «Жетісу», «Ертіс», «Жеңіс», «Елімай», «Каспий» клубының намысын қорғады. Қазір «Тараз» сапында жүр. 

Ғұсман Ғұмар Қырғызбаевтар (дзюдо)

фото: ҰОК

Ғұсман Ғұмар Қырғызбаевтар – қазақ спортындағы ерекше егіздер, дзюдо арқылы танылған танымал тұлғалар. Олар 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.  Балалық шақта ата-анасы оларды музыкаға баулыса да, бауырлар өз таңдауларын жасап, күреске келеді. Сол сәттен бастап олардың спорттағы жолы бірге өрбіді.  

Ғұсман – халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жеткен дзюдошы. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Азия чемпионаттарының жүлдегері. 

Ғұмар Қырғызбаев болса кәсіби спортшы болған. Қазір  дзюдодан жаттықтырушы, Орталық спорт клубында бөлімше басшысы. Спорттағы тәжірибесін кейінгі буынға үйретіп жүр.

Алина және Кристина Шумековалар (конькимен жүгіру)

фото: Туризм және спорт министрлігі

Жастығына қарамай, ағайынды Шумековалар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері Кристина биыл Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада ту ұстаушы болды. Сондай-ақ ол өз жас санатындағы ел және Әлем кубогінің күміс жүлдегері. Алина мен Кристина командалық сайыстарда да ел қоржынына бірнеше жүлде салды.

Бағлан мен Қорлан Жақанша (грек-рим күресі)

фото: Sportplus.tv

Бағлан мен Қорлан Жақанша 1992 жылы дүниеге келген. 9 жасында әкелері ұлдарын бозкілемге апарады. Өйткені әкелері күреспен шұғылданады. Отбасында әкесі күреспен шұғылданған, бапкер болған. Қорланның ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар. Екеуі де елге танымал балуан. Алайда Бағлан грек-рим күресіндегі жолын ММА жауынгері болып жалғастырды. Қорлан егізінің жеңілісін көтере алмайтынын, бауыры үшін қатты алаңдайтынын айтады. 

Әкеміз еркін күрестен бапкер болып жұмыс істеген. 2005-2006 жылдары 5, 6-сыныпта оқимыз. Сабағымыз таңғы сағат 8-де болса, Бағлан мені таңғы сағат 6:00-де жүгіруге оятатын. «Бір жүгіріп келейік, артынша жаттығу жасап, сабаққа барамыз», дейтін. Мен «қазір, қазір» деп жата беретінмін. Ол ерінбей, тауға барып жүгіріп, мектеп артында тренермен жаттығып, сағат 8:00-де сабаққа баратын. Бағлан – өте еңбекқор», - деген еді ол БАҚ-қа берген сұхбатында. 

Жәмилә мен Мадина Бақбергендер (әйелдер күресі)

фото: Туризм және спорт министрлігі
Жәмиля мен Мәдина Бақбергеновалар еліміздің күрес түрлері тарихында қазақ қыздары арасында ең көп жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Жәмиляның еншісінде әлем чемпионатының үш жүлдесі, Азия біріншілігінің бес медалі бар. Бұдан бөлек, ол Азия ойындары, Ислам ынтымақтастық ойындары, жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жүлде алған.
Мәдинаның да бозкілемдегі жетістігі аз емес. Ол Азия біріншілігінде үш рет тұғыр сатысына көтеріліп, 23 жасқа дейінгі әлем және Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

Айбек пен Нұрбек Оралбайлар (бокс)

фото: Туризм және спорт министрлігі
Айбек пен Нұрбек Оралбайлар спорт үйірмесіне бокспен емес, күреспен де шұғылданады. Десе де өсе келе боксты таңдап, әлемге әйгілі болды. 80 кг салмақта жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай  2024 жылы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар ол жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері.
Айбек Оралбай болса 2024 жылы +92 кг салмаққа ауысады. Айбек 2018 жылғы жасөспірімдер санатындағы Олимпия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2025 жылы осы салмақта әлем чемпионы атанды. Биыл Азия чемпионатында топ жарды. 

Александра және Екатерина Не­ми­ч (синхронды жүзу)

фото: ҰОК

Александра және Екатерина Не­ми­ч 1995 жылы 3 қаңтарда Теміртауда дүниеге келеді. Олар 9 жасынан бастап синхронды жүзу спортымен айналысады. 2013 жылдан бері халық­аралық додаларда дуэт ретінде ел намысын қор­ғап жүр. Александра мен Екатерина Немич – Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар, әртістік жүзуден ел намысын қорғаған. Жетістіктері: 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері (аралас бағдарламада),  2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері (жұптық сайыс),  2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері,(аралас бағдарламада), 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері (жұптық сайыс). 

Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар (бокс)

фото: Metaratings

Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар1999 жылы 11 қарашада дүниеге келеді. Қос боксшы жас­өспірімдер мен жастар арасында өткен жарыстарда топ жарды. Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан спар­такиадасында жеңіс тұғы­ры­­нан көрініп, Қазақ­станның халық­аралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. 

Фатима және Зухра Ирназаровалар (нысана көздеу)

фото: Туризм және спорт министрлігі

Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Фатима мен Зухра халықаралық жарыстарда үздік нәтижесімен көзге түсіп жүр. Олар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бір алтын (Фатима) және бір қола (Зухра) медаль, Азия ойындарында командалық сайыста күміс жүлде жеңіп алса, жекелей сында Зухра алтыннан алқа тақты. Фатима 2019 жылғы Азия чемпионатында үздік атанды.

Оқи отырыңыз