Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров Қазақстандағы қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтар жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары
Спикер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына санаттағы қазақстандықтар жиі қылмыс жасайды:
- қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар;
- жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар жасайды;
- адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады;
- елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.
Ренат Зұлқайыровтың айтуында, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер