Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік алғаш рет немесе қайта есепке қойылды. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға жоғары (147 668 көлік). Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректерінде айтылған.
Маусым айында тіркелген көліктердің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады. Олардың үлесі жалпы тіркелген көліктердің 87,4%-ына тең. Сонымен қатар, жүк көліктері – 5,7%, тіркемелер – 2,4%, мотоциклдер – 1%, автобустар – 0,9%, ал өзге көлік құралдары 2,6% болды.
Қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп тіркелген көліктер 1500–2000 текше сантиметр аралығындағы қозғалтқышпен жабдықталған. Олардың үлесі 34,5%-ды құрады.
Отын түріне қарай тіркелген көліктер арасында бензинмен жүретін автомобильдер басым. Маусым айында 136 232 бензинді көлік есепке қойылып, олардың үлесі 81,1%-ға жетті. Дизель отынын пайдаланатын көліктер саны 10 845 немесе 6,5% болды. Аралас (гибрид) қозғалтқышы бар 11 183 көлік тіркеліп, олардың үлесі 6,7%-ды құрады. Сондай-ақ 2 872 электрлі автокөлік (1,7%), 895 газбен жүретін көлік (0,5%) есепке қойылды. Ал 5 851 көліктің отын түрі көрсетілмеген.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6 миллион 25,9 мыңға жетті.
Автопарктің құрылымында:
Өңірлер арасында ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген. Мұнда автопарк көлемі 733,3 мың көлікке жеткен. Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 646,3 мың автокөлік есепте тұр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде автокөліктер санының тұрақты өсуі халықтың көлікке деген сұранысының жоғары екенін және автопарк құрылымының біртіндеп жаңарып келе жатқанын көрсетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?