Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандықтар арасында ипотекаға тұрғын үй сатып алғандар көбейген. Қазіргі таңда үшінші пәтер ипотекаға сатып алынған болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпанда пәтер сатып алуға қатысты 30500 келісімнің 10400-і ипотекаға рәсімделген. Былтыр әрбір төртінші пәтер немесе үй ғана ипотекаға сатылған болатын.
Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша ақпанда ипотекалық несие саны күрт өскен, өткен аймен салыстырғанда бірден 19 пайызға өскен. Krisha.kz сарапшыларының пікірінше, өсім тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттік сыйақыны берілуіне байланысты болуы мүмкін. Отбасы банк өкілдері ақпанда 5700 қарыз берілгенін, бұл қаңтарға қарағанда 21 пайызға артық екенін айтқан.
Салымшылар салым бойынша мемлекеттік сыйақыны күтіп, содан кейін несие рәсімдеуді ұйғарған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап банкте депозиттерге қойылатын талап күшейді. Енді қарыз алу үшін депозиттегі ақша онда кемінде 6 ай сақталуы керек.
Ақпанда 10 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үйді несиеге сатып алған. Кейбір қарыз алушылар ақпанда тұрғын үй бойынша тіпті бірнеше қарыз алған. Ақпандағы жағдай бойынша ипотеканың жалпы сомасы 167,2 миллиард теңгеден асады. Орташа сома - 16 миллион теңге, - делінген krisha.kz ақпаратында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?