29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары5-9 мамыр аралығында eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында жылжымайтын мүлік қызметтері көрсетілмейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оған «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшуге байланыст жүргізілетін техникалық жұмыстар себеп.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін міндетті тіркеуге және техникалық тексеруге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында жылжымайтын мүлік қызметтері көрсетілмейді, - делінген мәліметте.
Уақытша қолжетімсіз болатын қызмет түрлері:
- нотариустан тұрғын үй сатып алу-сату шартын және жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да мәмілелерді ресімдеу;
- тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу;
- пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде кепілді ресімдеу, сондай-ақ кепілді тоқтату;
- заңдық талаптар мен тыйым салу;
- пәтерде тіркелу;
- жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру-техникті шақыру;
- жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау.
Сонымен қатар, бұл күндері аталған қызметтер ХҚКО-ларда қағаз түрінде де көрсетілмейді.
Сондай-ақ, аталған күндері нотариустар, салық, екінші деңгейлі банктер және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелерінде жылжымайтын мүлікті ресімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды қабылдау тоқтатылады, - делінген egov.kz сайтында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек