Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБиылғы жылдың жеті айында шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген тірідей салмақтағы мал мен құс көлемі былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде шаруашылықтарда 1,1 млн тонна тірі салмақтағы мал мен құс сойылды немесе союға өткізілді, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,1% көп.
Тірі салмақтағы мал мен құстың басым бөлігі жұртшылық шаруашылықтарында сойылған – 588 мың тонна, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында – 336,2 мың тонна, дара кәсіпкерлерде – 217,5 мың тонна, - делінген мәліметте.
Өңірлік бөліністе сойылған және союға өткізілген тірі салмақтағы мал мен құстың ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі (141,3 мың тонна), одан кейін Түркістан (126,4 мың тонна) және Ақмола облыстары (122 мың тонна).
Өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда сойылған малдың (тірідей салмақта) ең көп өсімі Шығыс Қазақстан облысында байқалды – 28,9%. Төмендеу Алматы қаласында тіркеліп отыр – 79,5%.
Сойылған ірі қара мал үлесі – 45,3%, құс бойынша 20,7%, қой – 13,6%.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес