Қазақстанда жеңілдетілген автонесие платформасы іске қосылады

1 Ақпан 2023, 12:56 1414

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие платформасы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізілетін болады. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

Пилоттық платформа іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

- қаржыландыру сомасы - 10 миллион теңгеден аспау керек;
- қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды:
- бастапқы жарна - 0 пайыз;
- 1 автокөліктің құны - 15 миллион теңгеден аспауы керек.

EL.KZ
Бөлісу: