Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға жоғары.
Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4%-ға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5%-ға көп.
Қазақстанда автокөлік өндірумен 12 кәсіпорын айналысады. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі көлемі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5%-ды құрайды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санаты бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санаттағы өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% деңгейінде қалыптасты.
2026 жылғы қыркүйекте өндірілген өнім көлемі 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш ақшалай мәнде 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді