Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан азаматтарының жеке куәліктеріне саусақ ізі қойылады. Бұл өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған бұйрық 2023 жылдың 30 маусымында қабылданды.
Онда Қазақстан азаматының паспортына, жеке куәлігіне, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхатына, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне және жол жүру құжатына байланысты рәсімдік ережелер (беру, ауыстыру және т.б.) қамтылған.
Бұйрыққа сәйкес, құжаттарда мынадай мәліметтер бар:
Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса);
туған күні мен жері; жынысы;
ұлттық тиесілігі – иесінің қалауы бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттарда; азаматтығы; фотосуреті;
құжатты берген органның атауы; құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі; құжаттар иесінің қолы; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 16 жасқа толған және одан да жоғары, сондай-ақ "Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгі құжат иесінің саусақ іздері.
Сондай-ақ құжатта жеке басын куәландыратын құжатты беру кезінде саусақ ізін алу процедурасы да қарастырылғаны айтылған. Ол "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі арқылы немесе уәкілетті орган қызметкерінің бланк нысанында жүзеге асырылады.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған ІІМ-нің тағы бір бұйрығының жобасында құжаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, оның ішінде оның саусақ ізі жады сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада сақталады делінген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?