Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Қазақстан өңірлеріндегі жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) жетекшілеріне арналған үш күндік оқыту семинар-тренингінің екінші легі өтуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кәсіби даму академиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесіп «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар бұл – жастар саясаты саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі.
Ведомство дерегінше, екінші лек бағдарламасы дағдарыс жағдайында заманауи басқару және коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру, жастардың осал топтарымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру және инклюзив қағидаттарын дамыту, аналитикалық әдістерді пайдалану және деректерге негізделген шешімдер қабылдауға бағытталған.
Академияда білім алатын қызметкерлер тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар интерактивті сабақтарға, нақты жағдайларды талдауға және топтық жұмыстарға да қатысады.
2025 жылы еліміздің әр өңірінен шамамен 200-ге жуық ЖРО қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кәсіби даму академиясы тәжірибе алмасуда, жаңа тәсілдер әзірлеуде және жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыруда маңызды алаңға айналып келеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?