Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес 14 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Аталған игі бастама дарынды жастарды ынталандыруға және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсімінде Президент атынан жас ғалымдарға баспана сертификаттары салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты жиында жас ғалымдардың отандық ғылымды дамытудағы еңбегі ерекше атап өтілді. Пәтер иесі атанған ғалымдардың зерттеу бағыты география, балық шаруашылығы, ІТ, физика, химия, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларды қамтиды.
Солардың бірі – Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Гүлдана Маратова. Жас ғалым өз сөзінде 12 жылдық еңбегінің нәтижесі жоғары бағаланып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.
Бұған дейін өзімнің жеке пәтерім болмады. Бүгін екі бөлмелі пәтердің иесі атанып отырмын. Өте қатты қуаныштымын. Ғылыммен айналысып жүрген жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына және министрлікке алғысымды білдіремін, - деді Гүлдана Маратова.
Пәтер сертификатына ие болған жас зерттеушілер ғылыми жобаларға қатысып, беделді басылымдарда еңбектерін жариялап, отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосып келеді.
Айта кетейік, жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін Президенттің атынан ғылыми зерттеушілерге пәтер кілттері табысталған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?