Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан экономикасы 2024 жылы тұрақты өсім көрсетті. Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жалпы ішкі өнім 4,8%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұнай секторы өсуге негізгі үлес қосты. Шоғырландырылған бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, былтыр 2,5 пайыздық тармаққа өсті, - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, инфляция деңгейі 8,6%-ға дейін төмендеді.
Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті, - деп нақтылады ол.
Сонымен қатар министр «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға $233 есептелгенін тілге тиек етті.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді