Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ДСМ мәліметінше, олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын және Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығын қоса алғанда, ірі нысандар бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 нысанның 508-і аяқталды.
Биылғы 5 айда ДСМ 104,6 млрд теңге инвестиция тартты, оның ішінде 40 млрд теңге – жеке инвестиция. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қаражат табысты тартылғанын айғақтайды, - делінген мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді