Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжілістің жалпы отырысында қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.
Қазақстандықтар кемінде үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде он адам қажет). Бұдан бөлек қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі.
Заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» зандарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіледі.
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер