18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Қазіргі кезде елімізде 381 Ұлы Отан соғысы ардагері мен ҰОС-дағы Жеңіске жетуге үлес қосқан 97 758 азамат тұрып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеев Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында айтты.
–2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері: ҰОС қатысушылары үшін – 193 714 теңге (289 адам); ҰОС мүгедектері үшін – 201 615 теңге (98 адам); басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері үшін (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т. б.) – 205 041 теңге (24 943 адам);ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 161 174 теңге (3 886 адам);ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін-124 409 теңге (14 780 адам); ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам), - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеев.
Сондай-ақ вице-министр қарт адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық және жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылатынын жеткізді.
– Ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіліп отыр. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады, - дейді вице-министр.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр