20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов UFC турнирінің Орталық Азия аумағында қашан өткізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың желтоқсан айында 29 жастағы файтер Шавкат UFC промоушеніндегі алтыншы ресми жекпе-жегін өткізіп, американдық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңді. Оның менеджері ең танымал аралас жекпе-жек лигасының жақын болашақтағы жоспарлары туралы айтты.
Мен UFC лигасының Қазақстанда турнир өткізетініне толық сенімді емеспін. Бірақ бұл промоушеннің жоспарында бар деп ойлаймын. Менің болжамым бойынша, биыл немесе келесі жылы біздің өлкеде үлкен турнир ұйымдастырылуы мүмкін.
UFC үшін Орта Азия таптырмас нарық болып есептеледі. Өйткені, бұл аймақта көрермен көп және жарысқа қатыстатын талантты жекпе-жек өнерін меңгерген жігіттер жетерлік.
Орталық Азия - ол, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Грузия, Әзірбайжан. Бұл мемлекеттердің барлығында UFC-дің тұрақты көрермендері бар екені анық, -деді менеджер Саят Абдрахманов All Star YouTube арнасына берген сұхбатында.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?