Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсТүркістанда 12-14 сәуір күндері сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем біріншілігі Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан жалпы сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша елімізде бірінші рет әлем чемпионатын қабылдайын деп отыр. Бұл тарихи оқиға және біз үшін үлкен жауапкерлішік. Есту қабілеті зақымданған спортшыларды қолдаудың жарқын белгісі деп білеміз. Біздің елімізде дзюдо спорты жақсы дамыған. Соның ішінде сурдо дзюдомен айналысатындар саны да аз емес. Бүгін сурдо дзюдодан ұлттық құрамамызда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да өзінің спорттық жолын бала кезінде қарапайым дзюдодан бастаған. Спортшыларымыздың ештеңеге қарамастан, мойымай, мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі бізді әрдайым жігерлендіреді, тәнті етеді. Түркістан татамиінде Сурдлимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары бас қосады. Мұндай ірі әлемдік жарыс еліміздегі сурдлимпиадалық спорт түрлерінің даму қарқынын жаңа сатыға көтереді деп сенеміз, - дейді Қазақстан сурдо дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Мұқаш.
Айта кетерлігі, сурдодзюдодан әлем чемпионаты Түркістан қаласындағы «Olympic centre» спорт кешенінде өтеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды