Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі 2015 жылдан бері заңнамада қарастырылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрлік өкілі, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбековтің айтуынша, 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодексте де төрт күндік жұмыс аптасын қолдануға мүмкіндік беретін ережелер нақтыланған.
Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілген жағдайда жалақы мөлшері орындалған жұмыс көлеміне сәйкес пропорционалды түрде есептеледі. Яғни, жұмыс уақыты қысқарса, соған сай жалақы да қысқарады, – деді Оразбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Сонымен қатар, ол жұмыс беруші жұмыс күндерінің қысқарғанына қарамастан бұрынғы жалақы мөлшерін сақтауға құқылы екенін атап өтті. Бұл Еңбек кодексіне қайшы келмейді және заң бұзушылық болып саналмайды.
Бұған дейін Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілетіні туралы хабарлаған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді