10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЦифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceX-тің жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директоры Ребекка Хантермен кездесіп, елімізде аталған компания технологиясын кеңейту мәселесін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қонақтармен Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жабдықтау, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелерін талқыладық. Айта кететін жайт, Starlink-ке қосылған Шұбар ауылының мектебін SpaceX-тегі әріптестер бүгін өз көздерімен көріп қайтып, кездесу барысында оң ойларын бөлісті, - деді Мусин.
Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген.
Министрдің сөзінше, терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді