Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Операция барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.
1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.
Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды, - делінген мәліметте.
ТҮЖМҚРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы 25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ны құрады, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді