10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев Сенат кулуарында «лудомания» диагнозы қойылған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, лудоманияны диагностикалау мен емдеу хаттамасы шамамен бір жыл бұрын қабылданған. Содан кейін 15 адамға «лудомания» диагнозы қойылды.
Тимур Сұлтангазиев елімізде азарттық ойындарға және ставкаларға әуестенген мыңдаған адамның бар екенін атап өтті.
Лудоманиямен ауыратын адамдар, біріншіден, өздерін ауру деп мойындамайды. Екіншіден, өткен жылға дейін ойынға тәуелді адамдарды Психикалық денсаулық орталығында динамикалық бақылауға алу механизмі болған және бұл оның тарихында, құжаттарында көрсетілетін. Әрине, ешкім мұның медициналық жазбасында көрсетілгенін қаламайды. Осыған байланысты, өткен жылы «Лудомания туралы» заң қабылданып, жаңа консультативтік бақылау механизмі енгізілді. Бұл адамның поликлиникаға барып, психиатрмен кеңес алуына және қажет болса, ем қабылдауға мотивациясын арттырды, - деді вице-министр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді