20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2023 жылғы мамырда есепке 161,1 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,5 есе, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 1,8 есе, автобустар – 1,7 есе және жеңіл автомобильдер – 1,5 есе артты.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 872,8 мың бірлікті құрады, оның 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,1% – жүк және 2,1% – автобустар.
Оқи отырыңыз:
Автобустар бойынша, жалпы елімізде жолаушыларды 100 701 автобус тасымалдайды, бұл өткен жылғы сәйкес уақытпен салыстырғанда 25,9% артық. Шыққан жылы 10-нан 20 жылға дейінгі автобустардың жалпы тіркелген санынан үлесі 38,4%, 20 жылдан асқандардікі – 36,6%.
Өңірлік бөліністе автобустардың ең көп саны Алматыда – 12 654 бірлік, Астанада – 7398 бірлік және Алматы облысында – 7644 бірлік. Автобустардың ең аз саны Ұлытау (114) және Абай (241ед.) облыстарында тіркелді. Автобустардың 47,1% жеке тұлғаларға тиесілі, қалған 52,9% заңды тұлғалардың иелігінде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?