30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының - 48,3%. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық әйелдердің 3,4 млн-ы жалданып жұмыс істесе, 940 мың нәзік жанды – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%. Ал көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.
Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.
Оқи отырыңыз:
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды