Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесҚазақстанның қала сыртындағы трассаларында апаттылықтың төмендеуі байқалады. 2025 жылдың басынан бері бұл жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ға азайды. Сонымен бірге жол апаттарында зардап шеккендердің де саны төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары ықпал етті. Негізгі шаралардың бірі жолдардың қауіпті учаскелерінде жүріс бөлігін уақытша тарылту тәсілі болды. Жолдың мұндай бөліктерінде автокөлік жүргізушілері инстинктивті түрде жылдамдықты азайтады.
Аталған әдіс бірқатар шет елде өзінің тиімділігін көрсетіп, бүгінде Қазақстанда сәтті қолданылуда. Жолды тарылту тәсілі Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар, Алматы – Бішкек, Самара – Шымкент, Ақтөбе – Астрахан сияқты және басқа бағыттарды қоса алғанда республикалық трассалардың 26 учаскесінде жүзеге асырылуда. Онда патрульдік экипаждар жұмыс істейді. Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырады. Мақсат - жазалау емес, жол апаттарының алдын алу.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді