28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда пойыз кешіккен жағдайда жолаушылардың құқықтары мен өтемақы алу тәртібі нақты ережелермен реттеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Егер жолаушы пойызға кешігіп қалса, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды түсіндіруі қажет. "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәліметінше, билетте көрсетілген станциядан пойыз кеткеннен кейін бір сағат ішінде кассаға жүгінсе, билет құнының бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік бар. Бұл үшін жеке куәлік пен билет қажет, ал қайтарылатын сома мен мерзім теміржол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленеді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Ал пойыздың кешігуі орын алған жағдайда, алдымен кешігу себебін вокзал қызметкерлерінен немесе ақпараттық таблодан нақтылап алу керек. Билетті сақтау өте маңызды, себебі өтемақы рәсімдеу кезінде ол міндетті құжат болып саналады. Егер пойыз бір сағаттан артық кешіксе, жолаушы сапардан бас тартса, билет құны толық қайтарылады. Жолда жүргенде сапар үзілсе, жүріп өтпеген қашықтыққа ақша қайтарылады. Сондай-ақ пойыз кешіккен әрбір толық сағат үшін билет құнының 3%-ы өтеледі, бірақ бұл сома билет құнынан аспайды.
Өтемақы алу үшін билетті қай жерден сатып алғаныңызға назар аудару қажет: егер билет "Жолаушылар тасымалы" кассасынан алынса, өтінішті сол жерге беру керек; жекеменшік касса немесе онлайн-сервис арқылы алынған болса, өтемақыны сол мекемеден талап ету қажет. Өтініш беру мерзімі пойыз кешіккен күннен бастап 6 айды құрайды, бұл Қазақстанның "Теміржол көлігі туралы" заңы бойынша белгіленген талап. Осы ережелерді білу жолаушыларға уақытын, қаржысын және жүйкесін үнемдеуге көмектеседі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?