Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасы архивтерінің күндері басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара аясында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиынға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті және «Узархив» агенттігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік архивтерінің өкілдері, сондай-ақ тарихшылар мен өлкетанушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Конференцияда ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.
Біз - ортақ шекарамыз ғана емес, тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері ұқсас бауырлас халықпыз. Орталық Азия аймағында Өзбекстан Республикасымен ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған стратегиялық маңызы зор бірлескен жобалар іске асырылуда. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастық Мемлекет басшыларымыздың саясатының арқасында қарқынды дамып келеді. Біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мәдени мұраларды зерттеуде, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік архив қорларында сақталған құнды тарихи мәліметтерді анықтауда табысқа жететінімізге сенімдімін, - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігі төрағасының орынбасары Шерзод Садықов екі ел арасындағы архивтік қарым-қатынасты нығайтып, жан-жақты дамытуға ведомство тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Конференцияда тарихты зерттеудегі архив құжаттарының орны мен рөлі, архив саласының жағдайы және даму перспективалары, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары туралы жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ халықаралық іс-шара аясында екі елдің мемлекеттік архивтері ұйымдастырған көрме өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?