Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қазақстанда отбасы институтын нығайту және ажырасудың алдын алу бойынша жол картасы әзірленуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатпен Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әділет министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандары және отбасылық қатынастар саласындағы сарапшылар жұмыс істейді.
Бүгін олардың алғашқы бірлескен отырысы өтті. Олар статистикадан бастады. Егер 2019 жылы Қазақстанда 59 796 жұп ажырасса, 2023 жылы – 40 227. Көрсеткіш төмендегеніне қарамастан, елдегі ажырасу мәселесі өзекті болып қала береді.
Шешімдердің бірі неке қатынастарын реттеу жөніндегі іс жүргізу нормаларын қатаңдатуды көздейді. Сарапшылардың пікірінше, ажырасу процесінің жеңілдетілген автоматтандырылған жүйесі медиативтік жұмысты жүргізуді қиындатады.
Кездесу барысында некенің дағдарыстық кезеңдерін еңсеру шаралары да талқыланды. Мамандар жүкті әйелдерге босануға дейінгі кезеңде білім беру, саналы ата-ана болу, отбасылық өмір мәселелері бойынша ерлі-зайыптыларға кеңес беру үшін цифрлық платформа әзірлеуді ұсынады. Айта кетейік, мұндай тәсілді Мәдениет және ақпарат министрлігі қазірдің өзінде қолданып көруде. Астана мен Шымкентте пилоттық режимде некеге дейінгі тегін кеңес беру жобасы іске қосылды. Дағдарыс кезінде отбасыларды қолдау шараларының бірі – декреттік демалыстағы әйелдерге арналған оқыту курстары.
Сонымен қатар отбасы институтын нығайту үшін мамандар мектептер мен колледждердің оқыту бағдарламасына отбасылық тәрбие бойынша арнайы курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыруда.
Жол картасына Қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығын нығайту жөніндегі шаралар да енгізіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді