Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЫ. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» жоспарын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру - наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:
Қыркүйек – «Сергіту сәті»
Қазан – «Әнұран айту»
Қараша – «Асық ату»
Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»
Қаңтар – «Қазақ есебі»
Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»
Наурыз – «Домбырашылар»
Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»
Мамыр – «Жасыл мекен».
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді