Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалық қарызы бар азаматтарға онлайн кредит алуға тыйым салуды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
Елімізде несие алғандардың саны неге көбейіп жатыр? Өйткені, олар банктегі бір проблемалық несиесін жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан тағы бір несие алады. Енді осы бағытта шектеу қойылып, проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа онлайн несие беруге тыйым салынады, - дейді агенттік басшысы.
Ол сол себепті проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы осындай ұсыныс енгіздік деп айтты. Тілшілердің бірі "Бұл тыйым тек микроқаржы ұйымдарына қатысты ма?" деп сұрады.
Біз барлық кредит бойынша қарастырып жатырмыз, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді